Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденді АҚШ-тың Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы, elbasy.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2010 жылы Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында өткен кездесуді, сондай-ақ, олардың арасындағы телефон арқылы болған келіссөздерді жылы сезіммен еске алатынын атап өтті», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ол Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік әрі қарай да екі елдің игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірген.