Қазақстанда билігінде жаңа ауыс-түйістер күтілуде деп жазады Kapital.kz өз дереккөзіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, Президент әкімшілігінің басшысы мен Астана әкімі қызметтерін ауыстыруы мүмкін.
Порталдың жазуынша, Әділбек Жақсыбеков, Нұрлан Нығматуллин және Бақтықожа Ізмұхамбетовтер жаңа қызметке тағайындалады.
Әділбек Жақсыбеков 2014 жылдан бері Астана қаласын басқарып келеді. Дереккөз мәліметінше, ол ҚР Президенті әкімшілігіне басшы болып тағайындалмақ. Әділбек Рыскелдіұлы 2004-2008 жылдар аралығында да аталған мемлекетік органды басқарған.
Ал, 2014 жылдан бері Президент әкімшілігіне жетекшілік етіп келген Нұрлан Нығматуллин болса Мәжіліс спикері болып қызметін ауыстыруы мүмкін. Ол да дәл осы қызметті 2012-2014 жылдары атқарғанын айты кету керек.
Мәжіліс спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов депутаттық мандатын сақтай отырып, ардагерлер ұйымдарының бірін басқаратын болады деп күтілуде.