ҚР Президент Әкімшілігін басқарып келген Нұрлан Нығматулинге Парламент Мәжілісінің депутаты мандаты берілді.
Қазақстан Респуликасы Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Респуликасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 97-1 бабының 6 тармағына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының шешімі негізінде Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинді Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді. Бұл туралы ОСК-ның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Р.Склярдың депутаттық өкілеттігі Қазақстан Респуликасы ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжілістің спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігіне басшы болып кеткен еді.