16.11.2020, 21:17

Тоқаев Молдова Республикасының жаңа президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Сандуға Молдова Республикасының өсіп-өркендеу жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан Молдова Республикасының жаңадан сайланған Президенті Майя Сандуды құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Сайлаудағы сенімді жеңісіңіз Сіздің демократиялық, тұрақты және экономикалық тұрғыдан өркендеген мемлекет құру бағытыңыз халықтан қолдау тапқанын көрсетеді. Біз күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, дәстүрлі достық пен өзара табысты ынтымақтастыққа құрылған қазақ-молдова қатынастарын нығайта түсеміз деп үміттенемін», – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Сандуға Молдова Республикасының өсіп-өркендеу жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.