$ 494.87  520.65  4.91

«Мамайдың мақсаты  - Парламенттік сайлауда «Қосанов-2» рөлін қалтқысыз ойнап шығу» - Тоқтар Жақаш

Биліктің негізгі жоспары да осы ғой! «Сайлауға жұрт бармаса, қажет санды өзіміз-ақ сызып аламыз» деп алақанын ысқылап отырған шығар. Елге айта алмаған сөзін Мамайдың аузымен айтыпты! Президент сайлауында Қосановты қолдаған электораттың күші билікті әлі шошытып отырса керек.
фото: alashainasy.kz,exclusive.kz
фото: alashainasy.kz,exclusive.kz

Соңғы кездері «халықтың несиесі кешірілсін!» деген ұран көтеріп жүрген саясаткер Жанболат Мамайдың ісіне күдікпен қарайтындардың қарасы көбейіп барады. Олардың ойынша, Мамайдың негізгі мақсаты – халықтың ішкі қарсылығын басқа жаққа бұру, жұлқынып шығып жатқан жастардың меселін қайтару, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәселен журналист әрі қоғам белсендісі Тоқтар Жақаш Жанболаттың негізгі миссиясы «Парламенттік сайлауда «Қосанов-2» рөлін жанталаса алып шығу» екенін айтқан. 

«Па, чікін-ай! Жанболат Мамайды тәп-тәуір саясаткер деп жүрсем, нағыз әртіс десейші! Бүгінгі митингте «сайлауға бойкот жариялаймыз» депті. Биліктің негізгі жоспары да осы ғой! «Сайлауға жұрт бармаса, қажет санды өзіміз-ақ сызып аламыз» деп алақанын ысқылап отырған шығар. Елге айта алмаған сөзін Мамайдың аузымен айтыпты! Президент сайлауында Қосановты қолдаған электораттың күші билікті әлі шошытып отырса керек. Мамай сөзін сенімдірек жеткізу үшін «жер шетелдіктерге сатылмасын!», «Жанболат Ағәділдің өлімі ашық зерттелсін!» деген жалпыхалықтық талаппен тұздықтап қойыпты! 

Ал сайлауға бойкот жариялағаннан тек билік пен ауыз жаласқан Мамай екеуі ғана ұтары даусыз. Өзгерістер мен жаңғыруды аңсаған азаматтық қоғам қайтадан бұйығы күйге түсіп, пассивті образға енетіні аян. Мамайдың ұраны - жұлқынып шығып жатқан жастардың меселін қайтару. Кеше ғана президенттік сайлауда жинаған тәжірибемізді мансұқтау, бас тартқызу. Парламенттік сайлауда «Қосанов-2» рөлін жанталаса алып шығу. Билік пен Мамайдың бірлесе құрған «Барбаросса жоспарына» жол жоқ!», - деп жазған ол өзінің Facebook парақшасында. 

Сонымен қатар ол саулауға байкот жариялаудың да саяси салдары ауыр болатынын ескерткен. Оның ойынша, жоғары жаққа жұрттың сайлауға бармай қалғаны тиімді.

«Біраз жұрт сайлауға «активный байкөт» деп шулап жатыр ғой. Сонда қазіргі жүйемен саяси күрестің бұл жолы қандай ұшпаққа шығарады? Тарихтағы мықты күрескерлер мұндай тәсілдің стратегиясы мен тактикасы, одан түсетін саяси пайда туралы егжей-тегжейлі еңбектер мен мақалалар жазған ғой. Ал біздің белсенділер қазақшалыққа салынып, «айттым - бітті, кестім- үзілді» дей салады. Ойбай-ау, сайлауға сен бармасаң, мен бармасам- мұғалім, дәрігер, қаншама мыңдаған шенеуніктер армиясы, олардың туған-туысы, студенттер бармай ма? Бармаған адамның дауысы сөз жоқ ұрланады. Урна басында ұрламаса, бюллетень санайтын қуыста, қағаберісте ұрланады! 

Дауысымызды ұрлатпау үшін баруымыз керек!», - деп атап өткен жазба авторы. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары