Жұрт арасында «Мұхамежан Тазабеков депутат болғалы жатыр екен. Сол үшін ақидасынан өтірік бас тартып, жұрттың сеніміне кірмек» деген сыбыс рас болып шықты.
Журналист Тоқтар Жақаш өзінің facebook парақшасында айтыскер ақын әрі «Асыл арнаның» директоры Мұхамеджан Тазабековтің депутат болуға талпынып жатқанын жазған. Журналистің айтуынша, ол тіптен «лайықтылардың» тізіміне де еніп қойған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Тазабековтың тәйтеңдеп кеткенінен-ақ «мына неме жаңа уровеньге өтпек қой» деп күдіктенгем. Күдігім расқа айналыпты. Тазабеков резко ақида ауыстырып, Мәжіліске депутат болып кетпекші екен. Тізімге де еніп қойыпты! Сәләфиттердің иқуан тармағы мемлекеттің Конституциялық құрылысын төңкеруді көздейтін нағыз радикалды топ. Таяу Шығыстағы «Араб көктемін» осылар ұйымдастырды. Ал біздің билік сұр жыланды біліп-білмей қойнына тығып жатыр. Ертең биліктің түбіне жетіп құлататын анау алаңда ұран сап жүрген оппозиция емес, дәл осы иқуан деген сұр жылан болады!» - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Сондай-ақ мұндай ақпараттың барын белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек те жоққа шығармайды. Ол да өзінің жеке парақшасында ақида ауыстырғыш мырзаның есімі депутаттыққа үміткерлерлердің арасында жүргенін жазған.
Заңгердің ойынша, Мұхамеджан ақидасын депутаттық мандат үшін ауыстырған.
«Ақидасын депутаттық мандат үшін ауыстырған ба?
Тоқтар аға, сіздің сексолог һәм тәлімолог досыңыз депутаттыққа үміткер дейді ме?
Кеше ғана өзін адастым, сәләфиттердің арасында жүрдім деген адам, қалай депутат болмақшы?
ҰҚК қалайша бұған жол беруге болады? Алматыда Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті деген орган бар ма?
Тазабекпен профилактикалық жұмыс жүргізілді ме?
Діни көзқарасы бойынша анықтамамен қайдан танысуға болады?
Елдің алдында тәлім беріп жүрген адамның анықтамасы ел алдына шығарылу керек деп ойлаймын! Тоқтар аға, осы бойынша біліп беріңізші, өтініш», - деп атап өткен.