Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы еліміздегі «Жұмыспен қамту орталығы» деп аталатын мекемеге қатысты даулы мәселенің шетін шығарды. Журналистің айтуынша, аталмыш мекеме нағыз жемқорлықтың ордасы, өздері секілді кейбір мемлекеттік органдармен сыбайласып, бармақ басты-көз қысты әрекетке барып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Жұмыспен қамту орталығы» кейбір мемлекеттік мекемелермен бірігіп, сыбайлас жемқорлықпен айналысады.
Мем мекемелер «вакансияға» сұраным жібереді. «Жұмыспен қамтушылар» парамен ол орынға алдын-ала дайындаған біреуді жібереді.
Ол адамның «крышасы» мықты болса, сол орында қалуы мүмкін.
Ал өз бетінше, ешқандай «крышасыз», «Жұмыспен қамтудағыларға» «через-через» пара беріп жұмысқа кіргендер, иә, басында «жұмысқа тұрдым» деп мәз болады...
Алайда, алты ай «стажировка» деп, көп жастарды 6 айға жеткізбей, түртпектеп, сыйдырмай, кетуге мәжбүрлейді.
Ол жас байғұс «стажировкадан» өте алмадым деп, іштен тынып кете барады... Алты ай бойы жарытып айлық та алмайды, алған тиын-тебенін басшысына санап береді...
Кейде ерегіс туындайды... сонымен ол «стажер» екі қолын төбесіне қойып, безіп кетеді...
Оның босаған орнына келесі «жертва» ілігеді...», - деп жазған ол өзінің ол өзінің facebook парақшасында.