$ 494.87  520.65  4.91

«Елбасының тарихи тұлғасы мен саяси қайраткерлігі қашан да зор құрметке ие» - Аида Балаева

Ол өз сөзінде Назарбаев "Қазақ" деген ұлтты әлемге танытқанын атап айтты.
Фото: sng.today
Фото: sng.today

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақ" деген ұлтты әлемге танытып, Қазақстан деген елді дүние төріне оздырған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "ҚР Тұңғыш президенті: жасампаздық пен үдемелі дамудың 30 жылы" атты халықаралық жиынында айтты.

"Алда келе жатқан ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтаймын. Бұл мейрам – жәй мереке емес. Ең алдымен, елдігіміз бен мемлекеттігіміздің адами символы, 30 жылдық тұрақтылық пен бейбітшіліктің бірегей кепіліне айналған айшықты күні. Өйкені Тәуелсіздігіміздің негізін қалап, егемендігімізді бекіткен елміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тарихи тұлғасы мен саяси қайраткерлігі қашан да зор құрметке ие", – деді министр.

Ол өз сөзінде Назарбаев "Қазақ" деген ұлтты әлемге танытқанын атап айтты.

"Бұл мереке Елбасына деген халықтың жоғары ілтипатын, елдің ыстық ықыласының көрінісі деп білемін. Расында да қазақ деген ұлтты әлемге танытып, Қазақстан деген елді дүние төріне оздырған Елбасының осы парасатты еңбегі, салиқалы саясаты. Содан болар, бұл мереке бір тұлға емес, тұтас ұлттың, Тәуелсіз жұрттың ортақ қуанышы деп нық сеніммен айта аламы"з, – дейді Балаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары