$ 494.87  520.65  4.91

Элиталы тұрғын үй құрылысшылары жарты жыл бойы жалақысыз жүр

70-тен астам жұмысшы жалақы алмаған.

Алматыдағы элиталы тұрғын үй кешенін салған жұмысшылар жарты жылдан бері жалақысыз жүр. Құрылысшылар енді сотқа арызданбақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

70-тен астам жұмысшы жалақы алмаған. Олардың кейбіріне компания 3 млн теңгеден қарыз екен. Араларында көпбалалы аналар да бар. Амалы таусылған жұмысшылар енді ақпарат құралдарынан араша сұрап отыр. Кәсіпорын басшысының айтуынша, жалданған мекемелер құжаттарды дұрыс рәсімдемеген көрінеді.

"Жалақы қағаз реттелген соң төленеді. Қаражатты беруге біз дайынбыз. Құжатты бізге алып келсе, құжатты жабамыз. Ақшаны аударып береміз", - дейді серіктестіктің бас директоры Берік Жұмабаев. Ал тапсырыс берушінің сөзін мердігерлер теріске шығарып, құжаттар уақытында тапсырлыпғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары