Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентіне жаңа өкілеттіктер беретін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Сенат заң жобасының мақсаты әкімшілік-аумақтық құрылым саласындағы заңнаманы жетілдіру екенін хабарлаған.
Заң жобасы бойынша ұсынылады:
- қаладағы аудандарды елді мекендердің құрамдас бөліктеріне жатқызу;
- халық саны 400 мыңнан аса адам болған кезде облыстық маңызы бар қалада, республикалық маңызы бар қалада, астанада аудан құру;
- аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемшарттарын нақтылау;
- Президентке Үкіметтің ұсынуы бойынша жергілікті өкілдің және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру жөнінде шешім қабылдау жөнінде өкілеттік беру;
- Үкіметке республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру туралы ұсыныс енгізу жөнінде жаңа құзырет беру.