$ 494.87  520.65  4.91

«Құралай ханымның «Ерен еңбегі үшін» медаліне лайық боларлықтай не еңбегі сіңіп еді?» - журналист

Халықты, әсіресе, қыз-келіншектерді деградацияға бастап, мандаринге ине тық, мен жазып берген коды бар әмиян алсаң, шіріген бай боласың деп, дамуға емес, құлдырауға үйрететін мұндай псевдопсихолог, псеводжанашырларды бағалап, ал нағыз қара еңбектің адамын елеусіз қалдыру - Қазақстаннан таланатты жастардың қашып кетуіне әкеп соқтырады.
фото: facebook.com
фото: facebook.com

Биыл да әдеттегідей Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елге еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталып жатыр. Әркімнің сіңірген еңбегі мен елге тигізген пайдасына қарай өңірлеріне «Парасат», «Құрмет», II дәрежелі «Достық» және «Айбын» секілді ордендер тағылуда. Сол секілді белсенділігімен көзге түскен жандарға да «Ерен еңбегі үшін» медалі беріліп жатқанға ұқсайды. Жұрт арасында Құралай ханым деген атпен танымал болып жүрген блогер-психолог Құралай Ошақбаева өзінің жеке парақшасында Президенттің «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталғанын айтып сүйінші сұрапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бір қызығы, желі қолданушылары «Ошақбаева ханымның мемлекеттің медаль алатындай не еңбек сіңіріп үлгерді екен?» деген сауалға бастарын қатырып жатқанға ұқсайды. Тіптен Кенжекей Тоқтамұрат есімді журналист Ошақбаеваның «Ерен еңбегі үшін» медаліне мүлдем лайық емес екенін айтқан. 

«Ел ішінде өзіне «Құралай ханым» деп ат қойып алған мына ханым экономиканың, болмаса мәдениеттің, болмаса, денсаулық сақтаудың нақты қай саласын дамытқаны үшін «Ерен еңбегі үшін» деген медаль алып отыр? Әлде карантин кезінде дүкен ашып, би кешін ұйымдастырғаны үшін бе?

Пандемия кезінде бәріміз жанталасып жатқанда, Бәйтеректің жанына барып, медитация-сымақ жасағаны үшін бе? 

Әлде дәрігерлердің жанына барып, ерікті болды ма екен? 

Журналистер сияқты күні-түні стихия туралы ақпарат таратты ма? Шынымен айтыңыздаршы, бәлкім біз білмейтін бір еңбегі бар шығар, а? », - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында 

Сондай-ақ, журналист медальға шын лайықты жандардың ескерусіз қалып жатқанына алаңдаушылық білдірген.

«Знаете, медаль жалко емес, ешкімге соқтықтпай жүре берсе, шаруамыз не. Бірақ, халықты, әсіресе, қыз-келіншектерді деградацияға бастап, мандаринге ине тық, мен жазып берген коды бар әмиян алсаң, шіріген бай боласың деп, дамуға емес, құлдырауға үйрететін, қасиетті Құран Кәрімнің аяттарын дәптеріне көшіріп, ойыншық қылатын мұндай псевдопсихолог, псеводжанашырларды бағалап, ал нағыз қара еңбектің адамын, ол ұстаз болсын, ол дәрігер болсын, елеусіз қалдыру - Қазақстаннан таланатты жастардың қашып кетуіне әкеп соқтырады. Ауадан ақша жасамай, еңбектеніп, салықты толтырып отырған адамдарды ызаландырады. 

Сондықтан, жоғарыдағы сұрақтарыма жауап беріңіздерші, жауабы бар болса, хоть он медель тағынсын. Сұрақтарыма жауап бере алады-ау деген адамдарды тегтедім, ұмытқаным болса, белгілей кетіңіздер», - деп атап өткен автор өз жазбасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары