$ 494.87  520.65  4.91

Партия жемісті жобаларын жалғастырмақ

Жалағаш кентіндегі барлық әлеуметтік нысандарға, Ақсу, Шәменов ауылдарын газбен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы  М.Шәменов ауылында  «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Балайым Кесебеаева, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Садық Мұстафаев, Жақсылық Үздембаев, Имамзада Шағыртаевтар «Есіктен есікке» акциясы өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Акция  аясында ауылдағы тыл ардагерлері Алтынай Каюпова мен Разия Жүсіпованың және өнертапқыш Жолдас Қуантаевтың, жас отбасы, көп балалы ана Самал Жанайдарованың отбасында болып,  партияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды. 

Үміткер  Балайым Кесебаева «Nur Otan» партиясының жобаларын сөз етті. Өз сөзінде қоғамның әрбір топтарына бағытталған «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы» секілді жобаларының әрі қарай жалғасатындығын тілге тиек етіп, партия халықтың әлеуметтік жағдайын  басты назарда ұстайтынын жеткізді. 

Өз кезегінде үміткер Садық Мұстафаев, «Партия ауданды газбен қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Жалағаш ауданы тұрғындарының жайлы өмірі үшін партия 2022 жылға дейін кенттегі халықты орталықтандырылған газбен қамтамасыз етуді жоспарлады.

Жалағаш кентіндегі барлық әлеуметтік нысандарға, Ақсу, Шәменов ауылдарын газбен қамтамасыз етуге ықпал етеді. 

Нәтижесінде, аудан халқының 48 пайызы, яғни 22859 адам табиғи газ тұтыну мүмкіндігін алады», -  деп бағдарламамен таныстырды. Үміткерлер тұрғындарды сайлауға шақырып, «Nur Otan» партиясын қолдауға үгіттеді.

Ескерту! Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары