$ 446.49  475.38  4.79

Елтай тұрғындарының мәселесі партия назарында

Кездесуде елтайлықтар аурухана, мектеп құрылысы, қолжетімді несие, жер, ауызсу, тұрғын үй, қираған көпірді қалпына келтіру, жол салу секілді түйткілді мәселелерді көтерді.

Бүгін Шымкент қалалық маслихат депутаттығына Марат Сейтов, Қуандық Сұлтанғали және Ашимова Жасмин үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат іс-шарасына сәйкес Еңбекші ауданы Елтай тұрғын алабының сайлаушыларымен кездесті.

Кездесуде елтайлықтар аурухана, мектеп құрылысы, қолжетімді несие, жер, ауызсу, тұрғын үй, қираған көпірді қалпына келтіру, жол салу секілді түйткілді мәселелерді көтерді. 

Жалпы алдағы сайлау елді саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Өйткені халық биік мінберден елдің үнін жеткізетін, мұң-мұқтажын жоқтайтын өзінің депутатына оның артында тұрған партияға жақтап дауыс береді. Сондықтан мемлекеттің келешегіне немқұрайлы қарамайтын ұлт ретінде өзімізді танысақ алдағы саяси доданың маңыздылығын сезініп, сайлауға түгел қатысуымыз керек.   

Сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасы бойынша халықпен кездесулер 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін жалғаспақ.

Ескерту! Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Шымкент  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары