17.12.2020, 10:26

Дубай мен Анкарадағы биік ғимараттар Қазақстан туының түсіне боялды

фото: azattyq-ruhy.kz
Бурдж Халифа және TOBB ғимаратынан Қазақстанның көк туы көрсетілді.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында орналасқан, әлемдегі ең биік ғимарат саналатын Бурдж Халифадан және Түркия астанасы Анкарадағы TOBB ғимаратынан Қазақстанның көк туы көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тәуелсіздік мерекесіне орай Бурдж Халифадан Нұр-Сұлтан уақытымен 21.40-та Қазақстан туының бейнесі көрсетілді», - делінген БАӘ-гі ҚР елшілігінің хабарламасында. 

Желі қолданушылары көк түске боялған алып ғимарат көрінісін БАӘ-гі Қазақстан елшілігінің Facebook-тегі ресми парақшасынан көре алады. 

Сондай-ақ ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты Түркия астанасы Анкара қаласының төріндегі TOBB ғимараты да көк байрақтың түсіне енді.   

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты Түркияның елордасы Анкара қаласының төрінде TOBB ғимаратында бүгін көк байрағымыз желбіреді», - делінген Қазақстанның Түркиядағы елшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында.