$ 498.34  519.72  4.85

ФБР Капитолийдегі бүліктің артында шетел қаржысының бар-жоғын тексеріп жатыр

Капитолийді басып алу ісі бойынша күдікті саналатын адамдардың есеп-шотына биткоин түрінде 500 мың доллар аударылған.
Фото: marketwatch.com
Фото: marketwatch.com

АҚШ Федералды тергеу бюросы (ФБР) 6 қаңтардағы тәртіпсіздіктің артында шетел қаржысының бар-жоғын тергеу үстінде деп хабарлады NBC телеарнасы. Арна тілшілері бұл ақпаратты екі адамнан алған. Бірі – ФБР-дің қазіргі қызметкері, бірі – бұрынғы қызметкері, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

ФБР 6 қаңтардағы оқиғаға қатысы бар азаматтарға биткоин түрінде қаржы аударылғанына назар аударған. Капитолийді басып алу ісі бойынша күдікті саналатын адамдардың есеп-шотына биткоин түрінде 500 мың доллар аударылған.

Телеарна хабарында бұл қаржы операциясының артында Франция азаматы тұрған болуы мүмкін екені айтылады. Қаржы төлемдерін криптовалютамен ақша аударуды сараптаушы мамандар құжатқа түсірген.

6 қаңтар күні президент сайлауы нәтижесін бекіту мақсатымен Конгрестің қос палатасы ортақ отырыс өткізуі қажет болған. Сол күні АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Ақ үй жанында жақтастарымен митинг өткізіп, сайлау нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеген. Осыдан кейін митингшілер Конгресс отырысы басталған Капитолийге жол тартып, ғимаратты басып алған. Оқиға салдарынан бес адамның қайтыс болғаны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#АҚШ