Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әлеуметтік желі арқылы жаңадан сайланған депутаттарға үндеу ретінде арнайы пост жариялады. Заңгердің айтуынша, Шымкент қаласының әкімі жұрт демалатын жалғыз орын - Ипподромға тиесілі аумақты «жесткі торг» арқылы саудалап, құрылыс саласының алпауыты BI group қа сатып жатқанға ұқсайды. Заңгер осыған байланысты сол өңірден сайланған депуттаттарды үн қосуға шақырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ипподром жері Шымкент қаласына ауа сыйлайтын жасыл орын болып қалсын!
Міне, көріңіздер Әйтенов қандай әдемі жерді «жесткий торг» арқылы саудалап отырғанын! BI group бұл жерлерге көп қабатты тұрғын үйлер салмақшы! Неге басқа жерге салмайды?
Себебі ертең бұл жерге салынған үйлерді өте қымбат бағада сату үшін! Ешқандай алпауыт компания жәйдан жәй қалаға инвестиция құймайды, әркім өз пайдасы үшін!
Бұл үйлер көп балалы аналарға, мүгедектерге емес! Қалтасында қаржысы бар, жағдайы жететін адамдарға салынады!
Компанияның қалтасын емес, қала тұрғындарының денсаулығын ойлайық! Әкімдер келеді кетеді, солардың жасап кеткен былықтарынан халық зардап шегеді! Қала тұрғыны ретінде мен неге қарсы шығып жатырмын! Себебі, таза ауамен демалғым келеді!
Бір Дендропарк қалаға жетпейді!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Сонымен қатар ол келісі бір жазбасында осы мәселеге байланысты сол өңірден сайланған депуттаттарды үн қосуға шақырған.
«Шымкенттен сайланған халық қалаулылары қайда, үндеріңді шығаратын, төбелеріңді көрсететін уақыт келді!
Шымкент қаласының әкімдігі Ипподром орнын «жесткі торг”» арқылы саудалап BI group қа сатып жатыр! Оны бәріңіз білетін шығарсыздар ия?
Халықтың көпшілігі қарсы, ол жерде үлкен саябақ немесе арбат болғанын қалап отыр. Онсыз да Шымкент қаласына Бәйдібек даңғылымен кіру мүмкін емес болып бара жатыр! Көшенің тарлығы, көліктердің көбеюі, ұзақ кептеліске алып келді! Қазірдің өзінде Бәйдібек даңғылымен жүру үшін ұзын сонар кептелісте тұрасың! Соғатын үйлерін коммуникация жүргізіп қойған Шымкент ситиге соқсын әкімдік!
Әркім келіп білгенін жасай бере ме?
Нұрғазы Бұхарбай, халықтың жағында боламын деп айтқан уәдеңіз бар! Сіз бұл жолы әкімнің сөзін сөйлейсіз бе, әлде халықтың ба?
Қоғам белсенділері қарсы шығып жатқан мәселеге, кеше ғана сайланған су жаңа депутаттар үнсіз отырғаны жарамас!
Әлде біз сайланған жоқпыз, біз тағайындалғанбыз халық емес бізді сайлаған деп бастарыңызды ала қашасыздар ма?
Әкімнің немесе халықтың жағында екенін көрсететін уақыт келді!», - деп атап өткен жазба авторы біраз депуттаты белгілей отырып.