Ант беру сәтінде қағазға жазып берген үш-төрт сөйлемді оқи алмай қара тер болған Мәжілістің жетінші шақырылым депуттаттары әлеуметтік желі бетінде әлі де қызу талқыланып жатыр. Әсіресе, қазақ бірқатар депуттаттардың Қазақстан халқына орыс тілінде ант беруін үлкен қасірет деп жатқандар да баршылық, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айтпақшы, ант беру сәтіндегі келеңсіздіктер мұнымен шектеліп қалмағанға ұқсайды. Қоғам белсендісі, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибектің айтуынша, сол Тәуелсіз қазақ елінің бетіне шіркеу боларлық тағы бір келеңсіздік болған. Нақты айтар болсақ, жаңадан сайланған депутаттардың антын Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев қабылдаған. Заң бойынша, бұл антты ел президенті қабылдауы тиіс екен.
«Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңының 24-бабында «Ант қабылдауды Президент өзі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады» - деп жазылған. Ал, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Конституциялық заңының 9-бабында: «4) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды;» - деп, депутаттардың берген антын қабылдаудың Президенттің құзыретіне берілгені тіпті ашық көрсетілген.
Сонда, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевқа Мәжілістің төрінде отырып, депутаттардың антын қабылдайтын мұндай құқықты кім беріпті?!!
Естеріңізде болсын, халық сайлаған заңды президенттің Конституция және Конституциялық заңдармен бекітілген құқықтары мен құзыреттеріне ешкімнің ешқашан қол сұғуға қақысы жоқ!!!
Жаңа сайланған депутаттар бақыттан басы айналып жүріп, бұл заңды білмеді делік. Алды үш, арты екі кезектен сайланып отырған ескі депуттар неге бұл заңсыздыққа жол береді?! Әлде, олар да халыққа кімнің алдында тұрып ант беретінін әлі түсінбей ме?!
Заң талабын Заң шығарушы органның өзі бірінші болып сақтауы керек қой! Әсіресе, Қазақстан Республикасының Конституциясын!!
Мәжілістің VII шақырылым депутаттарының берген антын заңсыз деп танып, бұл салтты, Заң талаптарын сақтай отырып, қайта өткізу керек!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.