20 қаңтарда Вашингтондағы Капитолий сарайында ант беріп, президент қызметіне кіріскен Джо Байден салтанатты рәсімнен соң бұрынғы президент Дональд Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды, деп хабарлайды Skifnews.kz https://sn.kz ақпарат порталы.
«Атап айтқанда, президент АҚШ-ты климат жөніндегі Париж келісіміне қайта қосып, АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүшелігін қалпына келтірді», - деп жазады Азаттық сайты.
Белгілі сарапшы Қуаныш Еділхантегінің жазуынша, Джо Байден Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жою туралы бірден ұзын-саны 17 жарлыққа қол қойған.
«Кеше түсқайта, белгіленген кестеге сәйкес уақытта Байден 17 жарлыққа қол қойды. ● АҚШ-тың ДСҰ-ына қайта оралуы туралы және Аллергия және жұқпалы аурулар институтының профессоры Фаучиді АҚШ-тың ДСҰ-дағы өкілі етіп тағайындау туралы. ● Барлық федеральдық ғимараттар мен фед. жерлерде 100-күндік маскі тағу режимі және әлеуметтік қашықтықты сақтау, барлық штаттарда сондай режимді енгізуді ұсыну. ● Президентке тікелей бағынатын, Covid-19-дың салдарын жоятын арнайы координатор тағайындау. Оның міндетіне алдымен вакцинация, мед. жабдықтармен қамтамасыз ету жатады. ● 31.03. дейін тұрғын үйіне ақша төлей алмағандарға мораторийді ұзарту. ● 30.09. дейін студенттерге кредитке моратоийді ұзарту. ● АҚШ-тың климат бойынша Париж келісіміне қайта оралуы. Бұл процесс 30 күнге созылады. ● Keystone XL мұнай құбырын пайдалануды тоқтату және Трамп әкімшілігінің экология талаптарына қарсы жүзден аса шешімдерін қайта қарау. ● Жұмыстағылардың сексуальдық және жыныстық бағыттарына қарсы дискринимацияға тосқауыл қою. ● Халық санағы кезінде азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және штаттар арасында, Конституция талабына сай, сайлау округтері бойынша қайта бөлу. ● Бала кезінде әке-шешелері АҚШ-қа келіп жасырын қалып қойғандарды қорғайтын DACA бағдарламасын қолдайтындығын нақтылау. ● Кезінде Трамп енгізген, жеті мұсылман елінің азаматтарына АҚШ-қа келуге тыйым салуды жою. ● Иммиграциялық полицияға Трамп енгізген қосымша өкілеттіліктерді алып тастау. ● Трамп енгізген Оңтүстік шекарадағы төтенше жағдайды алып тастау және "қабырғаны" қаржыландыруды тоқтату. ● Либерия азаматтарына депортацияны тоқтату және оларға 30.06.2022ж. дейін жұмыс жасай беруге рұқсат беру. ● Барлық атқарушы билік қызметкерлеріне этикалық нормаларды сақтауға жазбаша міндеттеме алу, жеке бас пайдасына қызмет етуге тыйым салу, Әділет министрлігінің тәуелсіздігін қолдау туралы талаптар. ● Бюджетті басқару Офисінің директорына реттеуші сараптаманы жетілдіру, Трамп әкімшілігі кезіндегі осындай процессті бекіту нормасының күшін жою», - деп жазған ол өзінің өзінің facebook парақшасында.