22.01.2021, 12:00

ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Фото: ашық дереккөз
Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Энергетика министрінің бұйрығымен Талғат Амангелдіұлы Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, 2001 жылы Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

1994-1996 жылдары — "Қарахан" қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.

1997-1998 жылдары — Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары.

1998 жылы — "Интерсистема" ЖШС президенті.

1998-1999 жылдары — Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.

1999-2000 жылдары — Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы.

2000 жылы — "Метрология" РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, "Ұлттық аккредиттеу орталығы" АҚ директорының бірінші орынбасары.

2000-2005 жылдары — "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы.

2005-2010 жылдары — Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.

2010-2014 жылдары — Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2014-2016 жылдары — Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2016-2018 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2018-2019 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2019 жылғы 8 сәуірден 2021 жылғы 19 қаңтарға дейін — ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.