$ 449.58  486.94  4.86

«Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы толықтай іске асып жатыр» – Самат Нұртаза

Өзге өңірлерді Қызылордаға көмектесуге шақыруы, Орал қаласындағы экологиялық мәселелерге, Жайық өзеніне көңіл аударуы Тоқаевтың шын мәнінде де халықтың үнін естігісі келететінін көрсетеді деуге болады.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халық үніне құлақ асар үкімет құру идеясын толықтай іске асырып отыр. Президенттің бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіне қатысты саясаттанушы Нұртаза Самат осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Үкіметің кеңейтілген отырысында айтқан сөзі мен көтерген мәселесі халыққа толықтай ұнайды деп есептеймін. Бірақ оның орындалу-орындамау мәселесі Үкімет пен жергілікті әкімдердің құзырындағы дүние. Өкінішке қарай, Президент үнемі халықтың сөзін сөйлеп, мұң-мұқтажын айтудай-ақ айтып келеді. Берілген тапсырмалар мен бұйрықтардың орындалу жағына келгенде яғни жоғарыдан төменге қарай жүру барысында орындалмай қалып жатады. 

Президенттің вакцина туралы көтерген мәселесі өте де орынды болды. Сонымен қатар ана мен бала өлімі секілді дүниелерге де қатты маңыз бөлетінін аңғартты. Мәселен өткен жылдың өзінде ғана 156 ана қайтыс болыпты. Бұл өте өзекті мәселе. 

Тағы бір айта кетерлігі, қазір халық арасында коронавирусқа қарсы екпеге қатысты екі-ұшты пікір қалыптасып отыр. Дәл сондай алып-қашпа әңгімелер айталып, жұрт арасында дүрбелең туындап жатқанда үлгі көрсетіп, Тоқаевтың «вакцина салдырам» деуі де үлкен ерлік» , - деді ол.
Сондай-ақ ол бүгінгі отырыс Тоқаевтың шын мәнінде де халықтың үнін естігісі келетінін көрсеткенін айтады.

«Батыс Қазақстан өңіріне қатысты бірқатар мәселелер айтылды. Яғни елімізде болып жатқан мәселелер мен түйіні шешілмеген дүниелердің барлығын да Президенттің көріп, біліп отырғанын көрсетеді. Өзге өңірлерді Қызылордаға көмектесуге шақыруы, Орал қаласындағы соның ішіндегі экологиялық мәселелерге көңіл аударуы Тоқаевтың шын мәнінде де халықтың үнін естігісі келететінін көрсетеді деуге болады. Президент осы сөздері арқылы халық үніне құлақ асар үкімет құру идеясын толықтай іске асырып отыр. Ол мәселенің барын жасырмайды. Шешуге тырысып келеді. 

Тағы бір айта кетерлігі, Мемлекет басшысы қысқа мерзімде Президент жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігін құру қажеттілігіне тоқталды. Менің ойымша, бұл да дер кезінде қолға алынған шаруа. Себебі, елімізде айына бір рет, тіптен аптасына бір жемқор ұсталатын жағдайға жеттік. Мәселен, жақында ғана Алматыда Талғар қаласының әкімі ұсталды. Вице-министрлер ұсталып жатыр. Яғни еліміздегі жемқорлық мәселесі өте өзекті. Сол себепті, бұл мәселені толықтай қолдаймын», - деп атап өтті сарапшы өз сөзінде. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары