26.01.2021, 19:24

«Президент көпті толғандыратын мәселелерге көбірек көңіл бөлді» – Бекжан Садықов

фото: baq.kz
Президенттің бүгінгі сөзі миллиондаған қазақстандықты толғандыратын өзекті мәселелерге көбірек көңіл бөлінгендігін айғақтайды.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Бекжан Садықов Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан нақты тапсырмаларына қатысты пікірін білдірді.

"Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде ұлттық экономиканың өсуін қалпына келтіру жөніндегі саясаттың негізгі бағдарларын атап өтті. Президент салықтық-бюджеттік саясатты жетілдіру мәселелеріне тоқталды. Осылайша, Үкімет «жаңа қалыптылық» деп аталатын жағдайдағы макроэкономикалық тұрақтылықты арттыру және салықтық әкімшілендіруді басшылыққа алуы керек. Басқаша айтқанда, бюджетті оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірленуі керек, бірақ ол одан әрі ынталандыруды қажет ететін жеке секторға зиян келтірмеуі тиіс", – дейді Бекжан Садықов.

Оның айтуынша, Президенттің бүгінгі сөзі миллиондаған қазақстандықты толғандыратын өзекті мәселелерге көбірек көңіл бөлінгендігін айғақтайды.

"Президент мемлекет пен бизнес арасындағы экономикалық қатынастардың жекелеген аспектілерін цифрландырудан экономика үшін үлкен мүмкіндіктер болады деп санайды. Қазақстан экономикасындағы ШОБ үлесі 30,8%-ке жеткенін және 3 млн астам адамды жұмыспен қамтып отырғанын да атап өткен жөн. Жеке кәсіпкерлерді салық есептілігінен босату кәсіпкерлер үшін айтарлықтай жеңілдік болады. Бұған қоса, Президент шенеуніктерге көлік паркін ұстауға арналған бюджеттік шығындарға балама ретінде – ақшалай өтемақы ұсынды. Сонымен қатар, Қ.К. Тоқаев аймақтар проблемаларына және мемлекеттің кеңістіктік даму мәселелеріне тоқталды. ЭАА тиімділігі, көршілес елдермен логистикалық тізбектер, энергиямен жабдықтау және басқа да бірқатар мәселелер қозғалды. Президент Үкіметтен осы мәселелердің тиімді шешімін күтеді. Жалпы, Президенттің бүгінгі сөзі миллиондаған қазақстандықтарды толғандыратын өзекті мәселелерге көбірек көңіл бөлінгендігін айғақтайды. Оның ішінде 200 мектептің құрылысы және иммунизация мәселелері. Атқарушы биліктің функционалдық міндеттері – экономиканы қалпына келтіру жөніндегі Президент ұсынған шараларды жүзеге асыруға ықпал етіп, жоғары әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы тиіс", – деді.

BAQ.KZ.