$ 448.89  477.93  4.76

Путиннің Қырымды басып алу үшін қанша қаржы шашқаны белгілі болды

Ресей билігі 20 жылда геосаяси жобаларға жұмсаған қаржысына елде 15 мың жаңа аурухана салуға немесе Ресей азаматтарының әрбіріне 400 мың рубльден жинақ есепшот ашуға болар еді.

Ресей билігі 20 жылда геосаяси жобаларды қаржыландыруға $609 млрд (46 трлн рубль) қаржы жұмсаған. Ал оның жартысына жуығын Украина мен Белорусь билігін қолдау жәнк Қырымды басып алуға жұмсаған. Бұл жайлы Новая газета хабарлады, деп жазады bugin.kz сайты.

Басылымның есептеуінше, 20 жылдың ішінде Ресей көрші белорусь билігін қолдауға $109 млрд, Украинаys жемдеу мен Қырымды басып алуға $103 млрд, Венесуэладағы Мадуро билігін қолдау үшін $20 млрд, Сирияны қолдауға $4,7 млрд, Солтүстік Кореяға көмектесуге $11 млрд жұмсаған.

Мәселен, Белоруссияны қолдау үшін $100 млрд.-қа мұнай сатып алуға жеңілдік берсе, қалған $9 млрд несие түрінде берген.

Ресей Украина төңірегіндегі ДНР, ЛНР мен Абхазия, Оңтүстік Осетия сынды тәуелсіздігі мойындалмаған елдерді қолдауға $32 млрд құртады.

«Ресей билігі 20 жылда геосаяси жобаларға жұмсаған қаржысына елде 15 мың жаңа аурухана салуға немесе Ресей азаматтарының әрбіріне 400 мың рубльден жинақ есепшот ашуға болар еді. Ал халықаралық саясатқа жұмсаған қаржысы ақыр соңында санкция боп қайтып оралып, кесірін тигізді. Оның үстіне, одақтастарының бәрінен айырылды», - деп жазады басылым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Путин #Ресей