$ 447.4  477.55  4.76

Латын графикасына негізделген әліпбидің жетілдірілген нұсқасы көрсетілді

Үкімет басшысы латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін жетілдіру бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Премьер-министрі Асқар Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді. Латын графикасына негізделген әліпбидің жетілдірілген нұсқасы көрсетілді, деп жазылған үкіметтің ресми сайтында.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, білім беру мекемелерінде жетілдірілген әліпби белгілерін жазу және оқу бойынша сауалнама жүргізілді. Қоғамдық пікірді ескеру мақсатында ашық талқылаулар да ұйымдастырылды.

Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған.  Бұл әліпбиде қазақ тілінің  28 дыбысы толық қамтылған. Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген. Әліпбиде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут (  ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис (  ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылған.

Слайд с совещания у премьер-министра по переводу казахской письменности на латиницу

Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа жобасы

Мамандардың сөзіне қарағанда, әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан "бір дыбыс – бір әріп" принципіне толық сәйкес келеді. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр.

"Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етеді. Алдағы уақытта қазақ тілін латын графикалы әліпбиге кезең-кезеңімен көшіру бағытында қарқынды жұмыс жүргізу керек", — деді Мамин.

Үкімет басшысы латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін жетілдіру бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары