$ 444.22  476.38  4.82

Қуат Хамитов партия құратынын мәлімдеді

Бұл партия елге кім кінәлі екенін айту үшін құрылмады, партия халықтың дауысын есту үшін құрылды!
фото: vrk.news
фото: vrk.news

Қазақстандық танымал файтер Қуат Хамитов партия ашқанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Спортшы бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Келешекте ашамын деп ойлағанмын, бірақ менің мемлекетім бұл процесті жылдамдатты. Бұл партия елге кім кінәлі екенін айту үшін құрылмады, партия халықтың дауысын есту үшін құрылды! Біздің мемлекетіміздің басты проблемасы - олар халықтың пікірімен санаспайды және халықты естімейді. Партияның ашылуына ешқандай кедергі болмайды деп үміттенемін, өйткені біз еркін елміз ғой", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол партия есігі бәріне ашық екенін, әркім де қосыла алатынын мәлімдеді. Жазбасына ол #Партия_Единый_Казахстан хештегін қойған.

Айта кетейік, бүгін, 28 қаңтарда Қуат Хамитовке қатысты сот үкімі шыққан. Ол 6 айға бас бостандығынан шектелді. Қуат Хамитовтің қылмыстық ісі Алмалы аудандық сотында қаралды. Сот файтердің бұрын жауапқа тартылмағанын және өз кінәсін толық мойындағанын ескерді. 

Спортшыға ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік келген. Бұл бап - "Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" - үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары