ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 29 қаңтардағы ақпаратты жариялады.
29 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 520 адам короновирус инфекциясынан (15 877 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 571 пациент стационарда, 20 949 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
268 адамның жағдайы ауыр; 54 пациенттің жағдайы өте ауыр; 42 науқас ӨЖЖ аппараты арқылы тыныс алып жатыр.