РФ президенті В.Путиннің Геленджик маңында салып жатқан зәулім сарайынан Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев берген сыйлық табылды. Мұны Медуза басылымы анықтады, деп жазады bugin.kz сайты.
Басылымның хабарлауынша, оппозиционер Алексей Навальный фильм түсіріп, әшкерелеген Путиннің зәулім сарайына сыйлық ретінде Нұрсұлтан Назарбаев ағаш күрке жасап берген. Алайда жаздық "беседканы" құрт жеп тастаған.
Медузаның тілшілері Путиннің жасырын сарайы жайында құпия құжаттар мен деректерді іздестіріп, жаңа мәліметтер білген. Мәселен, Путинге сыйлаған сыйлықтардың ішінде Назарбаев берген сыйлық та табылды. Назарбаев сарай алдына бөрене "беседка" салып берген көрінеді. Алайда оны бір жылда құрт жеп шіріп кеткен.
Жалпы Путин Қазақстаннан екі рет сыйлық алған. Оның бірі – алтын жалатылған қамшы болса, екіншісі – қазақстан палуаны өріп берген шеге.
Айта кеткен жөн, Навальный түсірген "Путиннің сарайы жайлы" фильм қазір YouTube-те 104 млн қаралым жинады. ФБК мамандарының есебінше, мұндай зәулім сарайдың бағасы – 100 млрд рубль. Путиннің айналасындағы жемқорлар пара ретінде осы зәулім сарайдың салынуына қаржы бөлетін көрінеді.
Оқи отырыңыз: Путин Геленджикте сарайы барын жоққа шығарып отыр
Сондай-ақ, Ресейде 23 қаңтар және 31 қаңтар күндері Путиннің биліктен кетуін және Алексей Навальныйды босатуды талап еткен наразылық шаралары өтті. Бұған ФБК-ның есебінше, 300 мыңға жуық адам қатысқан.