Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті еліміздің батыс өңіріндегі ерекше табиғи ескерткіш Бозжыра шатқалының тағдырына назар аударуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сонымен қатар, заңгер өз жазбасында жақында ғана құрылған министрліктің аса жауапты сәтте халықтың алдына шығып, пікір білдіре алмай отырғанына таңқалысын білдірген.
«Уа, естуші Үкімет басы Асқар Мамин және оның нөкерлері!
Ақтау «БОЗЖЫРА»
Шымкент “ИППОДРОМ”
Алматы «КАЗГУ» жерлері халықты қатты алаңдатуда!
Айтыңдар, біз естиміз дейсіңдер!
Қайда естіп жатқандарың?
Мына жерлерді аман алып қалу үшін біз не істеуіміз керек айтыңдаршы?», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Сонымен қатар ол ерекше табиғи ескерткіш Бозжыра шатқалына қонақүй салу мәселесіне үн қоспай отырған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне өз ренішін білдірген.
«Шынында да Естуші, құлақ асушы мемлекет болсақ, ең болмаса онлайн бізді қабылдаңыздар, Мамин мырза!
Әсіресе жаңадан құрылған, Экология министірі, сіз өмірде барсыз ба?
Жаңа министрлікті не үшін құрылды?
Экологияны қорғау үшін бе, креслоны қорғау үшін бе?
Шықсаңыздаршы халықтың алдына, әу десеңдерші?!» , - деп жазған жазба авторы.