Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге қоңырау шалды, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшылары екі тарап үшін маңызды саяси, сауда-экономикалық және өңіраралық әріптестік мәселесін талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстанда "Спутник V" вакцинасы өндірісі мәселесін талқылады.
Путин мен Тоқаев коронавирус инфекциясымен күреске ерекше назар аударды.
Бұдан бөлек, тараптар Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етуі мен өзара байланысты нығайту туралы сөз етті.