$ 484.11  528.79  5.03

«Тоқаевтың бүгінгі шешімі – қазақ тарихына алтын әріппен жазылып қалатын оқиға» - Ауыт Мұқибек

Жалпы, жұрттың күткені де осы еді.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Президенттің «Шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын» - деуі қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім болып отыр. Тоқаевтың Ұлттық сенім кеңесі отырысында сөйлеген сөзіне қатысты ақын, Президент жанындағы ұлттық кеңестің мүшесі Ауыт Мұқибек осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ерекше тоқталып айтайын дегенім, ұзақтан бері дау болып, халықтың көңілін күпті қылып келе жатқан Жерге байланысты мәселеге нүкте қойылды. «Шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын»-деді Президент. Осы тапсырманы тез арада орындауды ұйғарды. Жалпы, жұрттың күткені де осы еді. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы арқылы қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім болды», - деді ол.

 Ауыт Мұқибек Мемлекет басшысының бұл шешімін тарихи оқиға ретінде бағалап, оған алғысын білдірді.

«Тағы бір риза болғаным, Қасым-Жомарт Кемелұлы тоқталып, тапсырма берген бес мәселенің бесеуі де қарапайым халықтың өмірі мен тұрмысына қатысты болғаны. Мысалы, тұрғын үй және экономика саясатын жетілдіру. Ендігі уақытта ауылдық жерлерге тұрғын үй салған компаниялардың жалпы шығынының жартысын үкімет төлеп беретін болды. Бұл да керемет бастама дер едім. Ауыл халқының қалаға ағылуын тоқтатуға, ауыл шаруашылығын дамытуға өте пайдалы шешімге жатқызамын», - деді сарапшы.

Президент мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдетуді тапсырған болатын. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мәселесін де Кеңес мүшесі  Ауыт Мұқибек қолдады.

«Шыны керек, «Нұр Отан» партиясына мүгедектік мәртебе алудың қиындығы туралы азаматтар көп арызданады. Міне, Құдайға шүкір, бұл мәселе де өз шешімін тапты. Осы жерде бір мәселені тағы қайталап айта кетейін, жемқорлық жайлаған бір сала осы. Барлық жемқорлық Заңнамадағы анықтама мен жоба жасап әкелуді талап ететін жерден басталады. Мүмкіндік бар, біз осыдан арылуымыз керек!», - деді ақын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары