$ 494.87  520.65  4.91

Ресей ғалымдары «Спутник - V» вакцинасына қатысты тағы да мәлімдеме жасады

Зерттеудің толық нәтижелері жақын арада әлемдік ғылыми басылымдарда жариялау жоспарланған.

Ресей ғалымдары «Спутник - V» вакцинасының COVID-19 жаңа мутацияларына қарсы тиімді деген қорытындыға келген. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Н.Ф Гамалей атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығында жүргізілген соңғы тәжірибелік зерттеулердің нәтижесі вакцинаның коронавирустың жаңа мутацияларына, оның ішінде британдық және оңтүстік африкалық штамдарға қарсы өте жақсы жұмыс істейтіндігін дәлелдеді», - деді Денис Логунов, орталық директорының орынбасары.

⠀Зерттеудің толық нәтижелері жақын арада әлемдік ғылыми басылымдарда жариялау жоспарланған.

⠀«Спутник - V» сияқты вирустық векторлық вакциналарда, адам ағзасында коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін қажет генетикалық ақпаратты жеткізуде, тасымалдаушылар ретінде зиянсыз модификацияланған вирустар қолданылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары