Белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында Президент айтпаса, қимылдамайтын шенеуніктерді сынап пост жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгердің айтуынша, халықтың үні жергілікті әкімдерге жетпейді, тек Президентке жеткен күні ғана әкімдер амал жоқ қимылдай бастайды. Бұл сөзіне дәлел ретінде Шымкент қаласындағы қос азаматтығы бар Почивалов мәселесін келтірген.
«Шет ел азаматтығы бар Почивалов қызметтен босатылыпты...
Шығарылған күніне қараңыздар, 25 ақпан, яғни Ұлттық Кеңес бесінші отырысында Президентіміз тағы да арнайы осы мәселені қозғап, Ұлттық қауіпсіздігімізге зиян келетінін нақты шегелеп айтты.
Президент айтқан күні, Әйтенов Почиваловты жұмыстан бірден босата салды.
Себебі бізде тек Президент айту керек, еліміздің қауіпсіздігі, тұрақтылығы Президентке керек!
Халық үні жергілікті әкімдерге жетпейді, тек Президентке жеткен күні оны әкімдер амал жоқ орындайды!
Оған дейін бүкіл БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, тіпті Полиция мен Мемлекеттік қызмет істер агенттігі жұмыстан шығару бойынша ұсыныс жасаса да Әйтенов Почиваловты жұмыстан шығаруға асықпаған еді...», - деп атап өткен ол өзінің facebook парақшасында.
Осылай деп атап өткен ол Әйтеновтің адресіне бағыттап, бірнеше сұрақ қоя кеткен.
«Әйтеновке сұрағым бар:
1)Осы уақытқа дейін алған айлық жалақысы мемлекетке қайтарылады ма?
2)Осы уақытқа дейін мемлекет қаржысын үйлестіргені үшін бұйрықтар жарамсыз деп танылады ма?
3) Әйтенов, шет ел азаматын қызметке алғаның үшін, өзіңе не шара қолданасың?
Бұл сұрақты жоғарыға қояйын десем, бәрібір Шымкент әкімдігіне отписка болып келеді?», - деп атап өткен жазба авторы.