Саясат 10.03.2021 сағат 15:40

«Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Қатысушылардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі қаралады — олардың жасы 35-тен аспауы тиіс.
«Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Алматы жастары" бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады Almaty.tv. 

Бағдарлама бойынша өтінімдер мен құжаттар осы жылдың 31 наурыз айына дейін almaty-zhastary.kz веб-сайты арқылы қабылданады.

 Биыл бағдарлама мүмкіндіктерді кеңейтті — кредит сомасы 18 000 000 теңгеге дейін ұлғайтылды және бағдарламаға қатысушылар санатына құқық қорғау органдарының қызметкерлері енді. Сонымен қатар, биыл қатысушылардан Алматы қаласында тұру  талабы алынып тасталды.

Басқарма атап өткендей, өтініштер мен құжаттарды қабылдау процесі бұрынғыдай толығымен автоматтандырылған күйінде жүргізіледі. Өтініштерді сайтқа жіберу электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады, автоматты түрде балл жинау үшін электронды калькулятор енгізілген.

Тұрғын үй заемын берудің шынайылығын және ашықтығын қамтамасыз ету үшін резервке енгізілген, бірақ өтінімі қабылданбаған  қатысушылардың тізімдері өтінім сайтында орналастырылады. Іріктелген үміткерлерге Отбасы банк төлем қабілеттілігін растау үшін веб-сайттағы жеке кабинетіне сілтеме беріледі, төлем қабілеттілігін сәтті растаған қатысушылар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы және қайталама нарықтардағы тұрғын үйді өз бетінше таңдайды.

Қатысушылардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі қаралады — олардың жасы 35-тен аспауы тиіс, бағдарламаға өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үй болмауы керек, тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлату фактілері соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша тексерілді.

Қатысушының Алматы қаласындағы ресми жұмыс өтілі келесідей мамандықтарда — денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары, бұқаралық ақпарат құралдары және құқық қорғау органдары сияқты санаттарда кемінде соңғы 6 айды құрауы керек.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен басталған аталмыш бағдарлама 35 жасқа дейінгі алматылық жастарға жеңілдетілген тұрғын үй заемдары бойынша баспана сатып алуға мүмкіндік береді. Өткен жылы бағдарлама аясында 1000-ға жуық жас отбасы жеке тұрғын үйге қол жеткізді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар