14.03.2021, 09:46

Президент қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады

фото: zhasatyrau.kz
Бұл - нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады,деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Баршаңызды бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаймын! Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл - нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.