Қазақстан Республикасы Президентінің ресми Аkorda.kz сайты жаңарды. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
Ресми сайттың дизайны мен құрылымы жаңартылып, әсіресе, пандемия жағдайында өзекті болып отырған онлайн-трансляцияларды өткізу мүмкіндігі іске қосылды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтына және Президенттің Баспасөз қызметінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтемелер сайттың негізгі бетінде көрсетілген. Сайттың техникалық сипаттамалары біршама жаңартылды.
«Атап айтқанда, платформа жаңартылып, веб-сайттың жылдамдығы артты, тұтынушылар үшін парақшаның ашылу уақыты қысқарды, сайттың ішкі компоненттері, деректер қоры және бағдарламалық кластерлер жұмысының ыңғайлы әрі жедел болуын қамтамасыз ететін заманауи бағдарламалық негіздер орнатылды. Қауіпсіздік Кеңесінің жаңалықтары енді жаңа тарауда жарияланады. Сонымен қатар мұрағаттағы ақпараттарға да қол жеткізу тетігі жетілдірілді. Қазақстан Президентінің сайты соңғы рет 2015 жылы жаңартылған»,-делінген хабарламада.