Әнші-шенеунік Сәкен Майғазиев бастаған шымкенттік шенеуніктердің 565 млн теңге жұмсаған наурыз тойы әлі де әлеуметтік желі бетінде қызу талқыланып жатыр. Нақты айтар болсақ, желі қолданушылары ел қазынасынан бөлінген жарты миллиард теңгенің есебін сұрауда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мәселен, белгілі журналист Ораз Әлімбеков мәдени-әлеуметтік салаға тікелей жауапты шенеунік Шыңғыс Мұқан халықтың алдына шығып, айтыс ақындары қанша ақша алды, әншілер қанша алды, бәрін-бәрін санап, есебін беруі тиіс екенін атап өткен.
«Шығасыға замәкім басшы.
«Шымкент әкімдігі Наурыз тойлауға (індетке байланысты мерекелік шараларға шектеу қойылса да) 565 млн теңге жұмсапты», «әнші-шенеунік Сәкен Майғазиевтің аузынан ақмайы ағып жатыр екен» деп шулап жатыр ғой жұрт.
Осы ФБ-да Шыңғыс Мұқан есімді журналист-замәкім отырушы еді ғо. Мәдени-әлеуметтік салаға тікелей жауапты шенеунік. Сол Шыңғыс Мұқан жұрт алдына шығып, қазынаның жарты млрд теңгесі қалай жұмсалғанын түсіндіріп айтып бермей ме?
Шыңғыс АҚШ-та оқыған, ашық қоғам, жариялық дегеннің не екенін жақсы білетін жігіт сияқты ФБ-дағы ақылгөйсіген лекцияларына қарағанда.
Шамасы былтыр болу керек, осы замәкім көпбалалы аналарға берілген азық-түлік пен басқа да көмектің тізімін Әшетаев есімді «қарғыбаулы» блогері арқылы ФБға жариялап жіберген. «Мен мұндай көмек алғаным жоқ, неге өтірік айтасыңдар» деп ызаланған бір әйел өзіне қол жұмсап өліп қала жаздағанын ютубтан көргеміз.
Шыңғыс Мұқан жариялықтың үлгісін осы жолы көрсетсе екен. Айтыс ақындары қанша ақша алды, әншілер қанша алды, бәрін-бәрін санап, есебін бергені жөн», - деп атап өткен ол өзінің facebook парақшасынды.