$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақ жігіттері 100 теңгелік парковкада емес, миллиондап алатын өнеркәсіп орындарында  жүруі тиіс» - заңгер

Құқығың, ар-намысың тапталмасын десең, өз салығыңның есебін сұрап үйрен жергілікті биліктен!
Фото: instagram/aigulorynbek_
Фото: instagram/aigulorynbek_

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында қоғамдағы қалыптасып отырған келеңсіз жайттарға қатысты тағы пост жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Заңгердің айтуынша, халық өзінің құқығы мен ар-намысың тапталмасын десе, жоғарыдан өз қалтасынан төлеп жатқан салығыңның есебін сұрауды үйренуі тиіс. Сонда ғана ашық және естуші қоғам, дамыған мемлекет қалыптасады. 

«Осылай намысқа тырысып миллиондардың есебін сұрасаңдар ғой!

Біз баяғыда:
Жолдары шұрқ тесік, батпаққа иленген жолдармен жүрмес едік.
Жарығы жоқ ауылдар май шаммен емес, жарықпен жарқырап отырар еді.
Су жоқ, лай суды тасып ішіп, таза суды екі теңгеге сатып алып ішіп отырмас еді.

Көп балалалы аналарға алаңда емес , үй берілсе ошақ қасында бала тәрбиесімен отырар еді.
Миллиардтаған ақша бөлініп, лентасы қиылып екі үш айдан соң жабылып қалған үлкен өнер кәсіп орындардың да сұрауы болған да, біздің ел дәл бүгінгі халге түспес еді.

Қазақ жігіттері 100 теңгелік парковкада емес, миллиондап алатын өнеркәсіп орындарда жүрер еді», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Заңгердің айтуынша, билік халықтың шектен шыққан тойшылдығы мен ойын-сауыққа құмарлығын жақсы пайдаланып отыр.

«Ойын сауық , той тойлап жүргенге бәріміз үйренгенбіз!
Биліктегілер әрбір тиынға есеп бермей үйренген, ал біз сұрамай үйренгенбіз. Құлағымыздың тыныштығы, үндеме, неғыласың, бәрібір жеңе алмайсың деген түсінік санамызға сіңіп кеткен!

Болды бұл түсінікті жою керек!
Миллиондаған емес, миллиардтаған қаржылар бөлініп жатыр ел игілігі үшін, тек халық тарапынан сұрау жоқ!

Әкім мен министрлер ел алдында әрбір тиынға дейін есеп беруге міндетті бұдан былай!
Құқығың, ар-намысың тапталмасын десең, өз салығыңның есебін сұрап үйрен жергілікті биліктен!

Ашық және естуші қоғам, дамыған мемлекет сол кезде ғана құрылады», - деп атап өткен жазба авторы. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары