$ 447.4  477.55  4.76

«Кенесарының басы қайда екенін білем, бірақ айтпаймын» - Зиябек Қабылдинов

Ресейлік ғалымдар да әзірге айтпауымды өтінді. Арада сондай келісім болды.
Фото: kvnews.ru
Фото: kvnews.ru

«Кенесары ханның бас сүйегі табылды» деген хабар таратқан Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдинов тілшілерге сұқбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тарихшы Nege.kz сайтына берген сұқбаты барысында Хан басының қалай табылғанын айтып берген. 

– Зиябек Ермұханұлы, «Кенесары ханның бас сүйегі табылды» депсіз. Бұл рас па?

– Рас! Өзім көз жеткізген соң жарияладым. Бүгіннен бастап ұлттық тарихымыздың мүлде жаңа кезеңі басталады. Ұлы ханның бас сүйегін қайтару жұмыстары бойынша Ресей Мәдениет министрлігі құрған арнайы комиссия құрамына шақырту алдым. Келістім. Бұл бастаманы Ресейдің жоғары билік өкілдері көтеріп отырғаны анық. Ресей ғалымдарымен осы жөнінде сөйлесіп, анық-қанығын білдім. Оларға «Қазақ елінен сүйінші сұрай берейін бе?» деп едім, «Әрине, болады. Бірақ қай жерде жатқанын айтпаңыз» деді. Содан кейін әлеуметтік желідегі парақшама жаздым.

– Кенесары ханның бас сүйегі екеніне жүз пайыз сенімдісіз бе?

– Әрине, нақты екенін жүз пайыз айта аламын. Маған деректі жеткізген мамандардың аты-жөнін, телефон нөмірлерін жазып алдым. Қай жерде жұмыс істейтінін де білемін. Бірақ әзірге ештеңе айтылмасын деді. Қысқасы, құпия боп қалсын.

– Сонда Кенесарының бас сүйегі қайда екенін білесіз бе?

– Білемін. Бірақ айта алмаймын. Ресейлік ғалымдар да әзірге айтпауымды өтінді. Арада сондай келісім болды. Мен оның қалай табылғаны немесе оның қай жерде жатқаны туралы нәзік нәрселерді жеткізе алмаймын. Ол белгілі бір ресмилікті талап етеді және ол – дипломатиялық деңгейде шешілетін нәрсе.

– Енді қашан алып келуге болады?

– Президент әкімшілігіндегі жігіттерге айттым. Жақын арада шақыратын шығар. Онлайн отырыс бола ма, әлде шақырта ма, білмеймін. Бас сүйекті алып келуді солай ақылдасып шешу керек. Ендігі мәселе – осы. Құдай қаласа, алып келейік, сосын айтып беремін. Қашан алып келетінімізді бір Алла біледі, оны өзім де білмеймін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары