$ 494.87  520.65  4.91

Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасы іске қосылатын болды

Бағдарламаға 65 жасқа дейінгі жұмыс істейтін зейнеткерлер де қатыса алады.
фото: baq.kz
фото: baq.kz

«Отбасы Банк» «Ұмай» әйелдер ипотекасы 12 сәуір күні іске қосылатынын хабарлады, деп жазады  BAQ.KZ.

Бұл туралы банктің Instagram-дағы ресми парақшасында эфир барысында белгілі болды.
Бағдарламаға қатысу үшін:

алдын ала тұрғын үй заемы бойынша мөлшерлеме – 12%

бастапқы жарна 50%-ға дейін

несиелеудің жалпы мерзімі 25 жылға дейін

ең жоғарғы сома 30 млн теңгеге дейін, қатысушының табысына байланысты.

Банк отбасының бюджеті 320 мың теңгеден аспауы керек деп атап өтті. Клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы Жанара Жанмурзинаның айтуынша, бұл зейнетақы жарнасы мен салық ұсталмаған жалақы. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлердің соңғы 12 айдағы кірісі ескеріледі. Банк қосалқы қарыз алушыны тартуға рұқсат береді.

Мысалы, тұрғын үй құны 10 млн теңге. Отбасы табысы 200 мың теңгеге дейін болған жағдайда қолына бағалау құнының 85%-ын береді. 320 мың теңгеге дейінгі кіріс кезінде-бағалау құнының 80%-ы. Қалған 1,5 млн және 2 млн сома қолыңызда болу керек, - деп түсіндірді Жанар Жанмурзина.

Әйелдер ипотекасын:
бастапқы нарықтағы тұрғын үйді, оның ішінде үлестік тұрғын үйді сатып алуға (тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдігі болған жағдайда);

- екінші нарықтағы тұрғын үй сатып алу;

- тұрғын үйді жөндеу. 3.7 млн теңгеге дейінгі шығындар сметасы және жөндеуді фото арқылы растау (дейін және кейін) қажет болады.

Кrisha.kz-тің мәліметінше, бағдарламаға қатысу үшін өтінім беріп, «Отбасы банкінде» депозит ашу қажет. Несие мерзімі ішінде алдын-ала заемнан (алғашқы 10 жыл) тұрғын үй заемына (жылдық 5%) көшу жүзеге асырылады.

«Отбасы Банк» бұл алдын ала жасалған шарттар екенін ескертті, бағдарламаның нақты шарттары 12 сәуір күні бағдарлама іске қосылғанда белгілі болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары