09.04.2021, 15:20

Қытай алдағы бірнеше жылда ең кедей елге айналуы мүмкін

Фото: news.mn
Жаһандық нарық брендтерінің Қытайдан бас тартуы ел экономикасына ауыр соққы болуда.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің бұрынғы жетекшісі Хиллари Клинтон бұдан көп жыл бұрын «2027 жылға қарай Қытай ең кедей елдердің  біріне  айналады» деген болжам сипатты сөзін айтқан еді. Кейбір елеулі факторлардан алып қарағанда Клинтонның бұл сөзі шындыққа айналуы мүмкін екеніне сенбей шара жоқ, деп жазады qazaqtimes.com сайты. 

Төменде өз талдауымызды ұсынып көрелік. Бұл күнде әлемнің екінші экономикасы саналатын Қытай әлемдегі ең бай елдердің бірі ретінде аталады. Адам басына шаққандағы табыстың төмендігін ескермесеңіз, Қытайдың экономикалық дамуы шырқау шыңында тұрған кезде Құрама Штат экономикалық өсім қарқынынан да асып түскен еді. Көптеген елдердің экономистері бұл қарқынмен есептегенде көп ұзамай Қытайдың Құрама Штаттарды басып озып әлемдік көшбасшыға айналуы мүмкін деген болжамдар жасаған еді. Шынында да солай ма? Біз әуелі Қытайдың өткеніне тоқталып көрелік.

Мао дәуірі және Қытайдың дамуы

Мау (Мао Цзэдун) билік құрған 27 жылда Қытай Еуропа, АҚШ және Жапониямен дипломатиялық қатынасты дамытпады. ҚХР құрылған алғашқы жылдарда бір ғана Кеңес одағының қолдауына сүйенді. Кеңес одағынан алған 217 миллиард доллар арқылы біраз өндірісті іске қосқандай болды. Одан бұрын тек ұн тарту, қағаз жасау, тоқымашылықтан өзге өндірісі болмаған-ды. Тіпті, шеге, сіріңге секілді қарапайым тұрмыстық керек-жарақты да шетелден сатып алатын, 90 пайызға халқы кедейлікте әрі ауылды жерде өмір сүретін ел болды. Тіпті, Маудың «3 жылда Британияны қуып жетеміз» деген саяси ұранының өрескел қателіктері 43 млн адамның жанын жалмаған трагедияға алып келген еді. Көп ұзамай жалғыз қолдаушы Кеңес одағымен де дипломатиялық қатынасы бүлігіп, алып ел томаға тұйқ күйде қалып қойған.

Бұл кезеңде Қытай экономикасы 1940 жылдардағы деңгейге дейін төмендеді. Зауыттар жабылып, мектептер оқуын тоқтатты. «Мәдениет революциясы кезінде мұғалімдер мен дәрігерлер де егіс атыздарына, қара жұмыстарға жегілді. Оның бір себебі таптық күрестің даңғой лаңы болса, енді бір жағынан мемлекеттік мекемелерде миллиондаған қызметкерлерге жалақы төлеуге де мемлекеттің мүмкіндігі жоқ еді.

Ал, Қытай экономикасының даму себебі – реформадан кейін Батыс Еуропа, АҚШ, Жапония секілді ірі экономикалардың Қытайға миллардтап, триллиондап қаржы құюында екені айтпаса да түсінікті. Бұл елдер Қытайда зауыт-фабрикалар ашып, өндірісті дамытып, Қытайдағы миллиондаған арзан еңбек күшті жұмыспен қамтып, техникалық жардем берді. Он мыңдаған, жүз мыңдаған қытайлық студенттер шетелден білім алып келіп елдің түрлі салаларын дамытты.

Қытай экономикасын қарқынды дамытқан факторлар

1, Аса мол еңбек күш. Қытайда экономикалық дамудың алдында 800 млн халық болды. Оның арасында 1960-1964 жылдары дүниеге келген бір ұрпақтың саны ең мол болды. Бұлар Қытай реформасы тұсында ең белсенді еңбеккүшке айналды.

2, Шетелдік инвестиция. Шетел қаржысы, техникасы Гонконг арқылы көптеп кірді. 2016 жылға дейін 960 мыңнан астам шетелдік кәсіпорындар Қытайда өз өндірісін ашып келді. Әрі, осы шетелдік компаниялар Қытай территориясындағы экономиканың 60 пайыздан астамын иелеп тұрды.

3, Урбанизация. Халқының 20 пайызы ғана қалаларда тұратын елде урбанизация қарқынды жүрді. АҚШ секілді дамыған елдерде  GDP өсуі  баяу  болатын  себебі оларда  урбанизация  орындалып болған,  инфрақұрылым әлде қашан кемеліне келген. Ал, Қытай секілді енді ғана реформа жасаған елде қала, жол құрылысы бір мезетте қарқынды жүргізіліп, нәтижесінде GDP қысқа мерзімде тез өсіп шықты. Қала тұрғындары 20 пайыздан, 65-66 пайызға көбейді. Бірақ, салдарынан тұрын үй бағасы әлемде жоқ өсім көрсетті, айталық Шаңхай қаласында 100 шаршы метр үйдің бағасы 10 млн АҚШ долларына дейін көтерілді.

4, Сыртқы сауданың дамуы. 1980 жылдардан бастап әлемдік брендтер, ірі корпорациялары өз өнімдерін Қытайда өндіріп, Қытайды «Әлемнің өндіріс базасына» айналдырды. Қытайдың экспорты жоғары шекке жетті. Әлем өнідірсінің 33 пайызын иелеген Қытай көптеген дамушы елдерден шикізат импорттауына тура келді. Осылайша импорт пен экспорт қатар көтеріліп, сыртқы сауда көлемі Қытай экономикасының басым бөлігін ұстап тұрды.  Алайда, Қытай экспортының басым көбін тағы да шетелдік компаниялардың өнімі құрады.

Қытайды әлеуметтік дағдарысқа бастайтын 8 негізгі фактор

Дүниенің тізгінің мәңгілікке ұстап тұру ешкімнің де еншісіне жазылмаған. Ешбір мемлекет те шексіз билікке жетіп дүниенің шартсыз қожасы болып мәңгі қала алмасы анық. 2015 жылдан бері Қытайдың қуатты экономикаға ие болуы, оның саяси һәм әскери қаупін де күшейткені байқалды.  Құрама Штаттардан кейінгі екінші орынға жеткен Қытай енді алдынғы дамыған елдерден қақпай көре бастады. 2012 жылдан бастап экономикалық өсудің қарқыны баяулады. Қытай экономикасының бұл қозғалысынан алдағы уақытта кері өсу қарқын алып, көп ұзамай елдің кедейлесе түсетінін болжауға болады.

Бұған алып келетін факторларды мыналар деп атап көрсетер едік:

Еңбек күшінің қымбаттауы. Кезінде әлемдегі ең арзан еңбек күшке ие ел, әлеуметтік тұтынудың жоғарылауымен бұл артықшылығынан айырылып қалды. Оның үстіне, қазір АҚШ, Жапония секілді Үнді-Тынық мұхитындағы одақтастар Дяо-Үй аралы мәселесі және Оңтүстік Қытай теңізі мәселелерін алға тарта отырып ондағы теңіз тасымалына кедергі келтіруде. Бұл Қытайдағы еңбек күштің құнына да әсер етуде.

Шетелдік кәсіпорындар өз еліне немесе Оңтүстік Шығыс Азияға қоныс аударуда. Қытайдағы америкалық Apple компаниясының өндірісі 220 млрд доллардан асып, тұтас Шыңжаңның жылдық өндіріс құнына теңесті. Foxon компаниясының өндірісі одан да көлемді еді.   Ал, Walmart  тұтас  Қытай экспортының 12 пайызын орындады. Алайда, осы ірі компаниялардың бәрі дерлік Қытайдан кетіп жатыр. Samsung толықтай Вьетнамға кетсе, Apple компаниясы 30 пайыз өндірісін Үндістанға ауыстырды. Жаһандық нарық брендтерінің Қытайдан бас тартуы ел экономикасына ауыр соққы болуда.

Оңтүстік теңіз жолының кесілуі. Теңіз тасымалы ең арзан тасымал екені түсінікті. Оңтүстік Қытай теңінінен жылына әлемнің сауда кемелерінің үштен бірі өтіп тұрады. Бұл шамамен 4 триллион долларды құрайтын тасымал жолы. Оңтүстік Қытай теңізі тасымалының кедерігіге ұшырауы Қытай импорты мен экспортына, ары қарай өндірісі мен тұтас экономикасына кері әсер етеді. АҚШ өңірдегі өзге елдердің қолдауын ала отырып, бұл теңізге өзінің авиа-тасымал кемесін кіргізді. Бұл бір жағынан Қытайдың сауда тасымалын тежесе, екінші жағынан Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі дамып келе жатқан өндірісті қорғау рөлін атқарады.

Теңіз жолы буылған Қытай «Бір белдеу, бір жол» жобасы арқылы құрлық тасымалын тұтастырғысы келді. Дегенмен, бұл жобасы табысты болып кеткен жоқ. Үнді мұхитының батысына шықпақ болып, Мьянма арқылы жол салған еді және оны биыл пайдалануға бермек болған. Мьянмадағы әскери төңкеріс бұл жоспарын жүзеге асыртпады.  Бұл  экспортқа  ғана  емес Африка,  Орта Шығыс  елдерінен шикізат  тасымалына да  зор кедергі болып  отыр.

Техникалық бұғау. Бұрындары Қытай шетел  техникасын  сатып  алу,  хакерлік шабуылмен  ұрлау  арқылы техникалық  қажетін  камдап  келсе, енді  АҚШ  бастап  қытайлық  студенттердің,  профессорлардын қимылына,  оқуына шек  қойды. Huawei  компаниясы да  шектеуге  ұшырады. Компьютер,  смартфонның  шифтері  шетелдік  импортқа  сүйенетін,  ол  жолдарына  шек  қойыла  бастады. Бұл Қытайдың технологияны дамытуына үлкен тұсау болды.

Сауда соғысы. 2017-2018 жылдары басталған сауда  соғысынан  бері  Қытайдың  ең ірі сауда серігі АҚШ-пен саудасы 2020 жылы 18 пайызға, Еуроодақпен саудасы 16 пайызға азайды. Әлемдік экономиканың 60 пайызға  жуығын  иелейтін  елдермен саудасының  тоқырауы  Қытай  экономикасын  тіпті құлдырата бермек.

Халықтың қарттануы. 1960 жылдары әр отбасында 5-6 баладан,  жыл  сайын  50-60 млн адамға  көбейетін  елде  былтыр (2020) халық саны тек 6 миллонға ғана  көбейген. Бұл  өсім барған  сайын  азайып  барады,  2027 жылы кері  өсу жарыққа шыққалы  тұр дейді  өз демографиялық болжауларында. Қарттардың  молаюы,  жас еңбек күштің азаюы  шығынды  молайтып,  экономиканы  әлсірететын тағы бір  себеп.

Экологиялық апаттар, ресурстар тапшылығы. 2016 жылы әлемдегі ең  лас 10 қаланың  жетеуы  Қытайда  екені белгілі болды. 1970 жылдан  бері  АҚШ,  Еуропа  елдері зауыт-фабрикаларын  Қытайға  көшыру себебі де  өз елдеріндегі   ауаның,  топырактын, судың  ластануын  азайту  үшін болған еді. Өндіріс  қажетіне  орай  табиғи  ресурстарды  көптеп  ашу,  лас су  мен  газдың  көптеп  шығарылуы  өте  үлкен  мәселелер  ала  келді. Ортаның ластануы халық  денсаулығына болған зияны ауыр  болуда,  алда бұл  әселелерді  реттеу  үшін зор  бодаулар  берері  даусыз,  бұл да экономикаға  тұсау  болғалы  отырған  мәселенің  бірі.

Экономиканын көбіктенуі. Таяу жылдары ақшаның мөлшерден тыс шығарылуы, өндірген  өнімдердің  асып  қалуы,  инфляцияның артуы, тұрғын үй  бағасының  шарықтауы көпіршік экономикаға алып келді. Қытай  статистика  орталықтары әр провинцияда экономикалық  өсім көрсеткішін асыра сілтейтіні белгілі. (Айталық: 2018-де Тианжин, Ішкі моңғол автономиясында экономикалық өсімнің 40 пайызға артық көрсету әрекеті әшкере болды). Былтырдан  бері тек Үрімжі  қаласының зат бағасы Нью-Йорк қаласының зат бағасынан асып түсті. Жалақы жоғарылағанымен, зат бағасы одан да тез өсіп халықтың әлеуметтік жағдайы алға баспады.

Бұған қоса Қытайдың GDP көрсеткішін есептеуі халықаралық стандарттарға сай келмейді. инфляция мен байлықтың сарып болуын есепке алмайды. Осының бәрі қазіргі Қытай экономикасында көпіршік экономиканың үлесі басым екенін көрсетіп тұр. Аталған факторлардың өзі-ақ Қытайдың алдағы уақытта әлеуметтік дағдарысқа бет алып бара жатқанын аңғартады.