$ 494.87  520.65  4.91

Шенеуніктер отбасына қатысты тексеру басталды

Заң бойынша Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге туыстарын жұмысқа қабылдауға тыйым салынған.
фото: aikyn.kz
фото: aikyn.kz

Әлеуметтік желі қолданушылары Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Амандос Сабырбаевтың әйелі мен ұлының мемлекеттік қызметтегі лауазымдарына наразылық білдірді. Осыдан кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі  мән-жайды білуге тырысты, деп жазады Айқын.кз.

Амандос Ақышұлы Сабырбаев 2017 жылдың маусымынан бастап әкімнің орынбасары болып жұмыс істейді. Жұбайы Сәуле Сабырбай сол жылы Ақсу ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы болып жұмысқа орналасқан.

Олардың ұлы Санжар Сабырбаев қазір Алматы облысының әкімдігінде кәсіпкерлік және Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істейді.

Сабырбаевтар отбасы туралы бұл жайтты бірнеше Instagram-паблик жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.

«Қазір Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті осы жарияланым бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру  нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады», – деп хабарлады Алматы облысы бойынша МҚІА департаменті.

Заң бойынша Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге туыстарын жұмысқа қабылдауға тыйым салынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары