18.04.2021, 20:17

Қазақстан Мәскеуге әскер жібермейтін болды

Фото: qazaquni.kz
Қорғаныс министрлігі арнайы мәлімдеме жасады.

Биыл қазақстандық әскери қызметшілер Мәскеуге Жеңіс шеруіне бармайды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінде өткен брифингте Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің өкілі Виталий Адамович мәлімдеді, деп жазады Айқын.кз.

Ол «қазақстандық әскери қызметшілер Мәскеуге Жеңіс шеруіне бара ма?» деген сұраққа былай деді:

Жоқ. Биыл қазақстандық әскери қызметшілердің Қызыл алаңдағы шеруге қатысуы бастапқыда жоспарланбаған. Былтыр біздің әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай барғанын білесіздер, – деп жауап берді Қорғаныс министрлігінің өкілі.