$ 494.87  520.65  4.91

«Кейкі мергеннің бас сүйегіне қатысты күдік көп» - жазушы

«Ананың сүйегі, мынаның сүйегі» дейді де елге алып келіп, ылдым-жылдым жерлей салады. Ешқандай ғылыми-зерттеулер жүргізілмейді, экспертиза жасалмайды, антрополог ғалымдарды тартпайды.
Фото: tobyl-torgai.kz
Фото: tobyl-torgai.kz

«Бұл – жай ғана саясат үшін жасалып отырған кезекті ойындардың бірі ғана» деп жұртты қазақтың соңғы ханы Кенесарының басы табылыпты деген ақпаратқа сене бермеуге шақырған белгілі жазушы-драматург Думан Рамазанның Кейкі батырдың басына қатысты тағы бір пост жазыпты. Жазушы бұл жазбасында құралайды көзге атқан атақты мерген – Кейкі батырдың басы деп елге әкеліп жерленген сүйекке қатысты да күдікті жайттардың көп екенін айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

«Елге әкелінген Кейкі батырдың бас сүйегі шынымен өзінікі ме?..

Бізде жауапкершілікті ешкім онша сезінбейтін сияқты. «Ананың сүйегі, мынаның сүйегі» дейді де елге алып келіп, ылдым-жылдым жерлей салады. Ешқандай ғылыми-зерттеулер жүргізілмейді, экспертиза жасалмайды, антрополог ғалымдарды тартпайды. ДНК анықталмайды. 
Қызық енді, баланың ойыны сияқты. Әлі де қазақбайшылық пен көзбояушылық басым.

Өйткені, бәрі жалған, өтірік. Ғылыми-зерттеулер жүргізілсе өтіріктері ашылып қалуы мүмкін ғой! Сондықтан неғұрлым ешкімге айтпай, экспертизалар жасатпай жерлей салуға құмар. Бұл қылмыс!

Оқи отырыңыз: «Бұл – саясат үшін жасалып отырған кезекті ойыны ғана»: белгілі жазушы Хан Кененің басына қатысты ақпаратқа сенбеуге шақырды


Әй, бұл ғылым-білімі жетілген 21-інші ғасыр ғой! Бірақ мешеулігіміз әлі қалмай келеді. Тас ғасырында өмір сүріп жатқандаймыз... 

Несін айтасыз, алаяқтардың дәурені жүріп тұр...», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары