$ 494.87  520.65  4.91

Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетті

Парламенттік сайлау 20 маусымда өтеді деп жоспарлануда.
Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr

Армян премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Армения конституциясына сәйкес, мерзімнен бұрын сайлау өткізу тек үкімет басшысы өз еркімен отставкаға кеткен жағдайда жүзеге асады. Бұған қоса, бір адамды қатарынан сайлауға рұқсат етілмейді. 

"Конституциядағы ережелерді іске асыру үшін және парламентті тарату үшін мен бүгін отставкаға кетемін. Мен дәл бүгін лауазымымды босатпасам да болар еді. Бірақ азаматтар күнінде кетемін деп бел будым. Халықтың үміт артып, бізге берген билігін өздеріне қайтарамын. Алдағы уақытта әділетті, ашық, қызу бәсекеге толы сайлау арқылы азаматтар билікті кімге беретінін өздері таңдайды", - деді Пашинян. 

Сөзінше, 2020 жылы Армения қиын кезеңдерді бастан өткерді. Сол себепті жаңа сайлау өткізу қажеттілігі туындады. Парламенттік сайлау 20 маусымда өтеді деп жоспарлануда. 

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ армяндарға жасалған геноцидті ресми түрде мойындаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары