Әсіредіншіл сәлафиттердің кесірінен жастар діни фанатизмге ұрынып жатыр. Бұл туралы белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгердің жазуынша, елімізде діни идеологияның пропагандасы өте жоғары қарқынмен жүргізіліп жатыр. Бұл түрімен кете берсе, көп ұзамай Ауғаныстан секілді кері кеткен елге айналып кетуіміз мүмкін.
«Жастар діни фанатизмге ұрынып жатыр!
Дабыл қағатын дүние!
Жеке діни мектеп ашып оқытып жатқандар жоқ емес бар.
Тіпті шет ел асырып өз балаларын діни білім алуға жіберіп жатқандар да анықталған.
Бізді қараңғылықтан діни көзқарас емес, ғылым құтқаратын жастар қашан ұғынады екен?
Білімсіз алған діни ілім адасуға алып келеді.
Осылай адасып жүрген жастарымыз Сириядан бірақ шыққан жоқ па?
Кімнен үлгі алуды ашық айтып отыр. Неге жастар олипиада чемпиодарын немесе атақты ғалымдарды айтып үлгі тұтпайды?
Себебі бізде діни идеологияның пропагандасы жоғарғы деңгейде!
Ұлттық идеологияны қолға алмасақ, Ауғаныстан елі болып кетуімізге аз қалған сияқты», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.