$ 494.87  520.65  4.91

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаева коронавирус жұқтырды

Өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Сенат төрағағы Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

"Құрметті достар! Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын. Өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ. Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік. Аман болыңыздар", - деп жазды ол өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары