Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының басшысы қызметінен кетеді. Ол өз өкілетін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы ол Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында айтты.
Елордада Тұңғыш президент, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтіп жатыр.
Ассамблеяның кезекті сессиясының күн тақырыбы "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" деп аталды.
Сессия жұмысына алты жүзден аса адам онлайн қатысып жатыр. Олардың арасында барлық өңірдегі Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылым, шығармашылық интеллигенция және БАҚ өкілдері бар.