$ 447.4  477.55  4.76

«Назарбаевтың Ассамблея төрағалығын Тоқаевқа сеніп тапсыруы үлкен сенімнің белгісі» - Мұрат Әбенов

Қазіргі қоғамға дәл осындай шешімдер ауадай қажет.
Фото: matritca.kz
Фото: matritca.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның өмір бойғы төрағасы статусына ие бола тұра бұл міндетті Қазақстанның қазіргі Президенті Тоқаевқа сеніп тапсыруы үлкен сенімнің белгісі. Белгілі саясаттанушы, қоғам қайраткері әрі Президент жанындағы ұлттық кеңестің мүшесі Мұрат Әбенов ҚХА-ның XXIX сессиясының кезекті отырысына қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың Ассамблеяны басқару құқығын Тоқаевқа беруі әрине, біз үшін күтпеген жаңалық болды. Алайда, логикалық жағынан бәрі орынды. Мықты Конституциялық құзыреті бар қазіргі Президентке жаңа қызмет не үшін керек деуге де болады. Алайда мұнда саясаттан гөрі прагматизм басымдау екенін аңғару қиын емес. 

Әлем және біздің елде Ассамблеяның маңызы мен мемлекеттің этника аралық саясаты жаңа талаптар негізінде өзгеруі тиіс. Өйткені, қоғамдық-саяси институттардың рөлі мен азаматтардың белсенділігі уақыт өткен сайын өсіп келеді», - дейді ол. 

Ол сонымен қатар, Ассамблея алдында үлкен міндет тұрғанын айтады.

«Жаңа кезеңде Ассамблея барлық этносқа барынша жақын, бірыңғай күн тәртібін әзірлеуде тек мәдени қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық өсіміне оң ықпалын тигізуі тиіс. Алда әрі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда белсенді әсер етуші құрылым болып, беделді сарапшылық орталыққа айналу міндеті тұр. 

Қазақстан Президенті Төраға болған соң әрбір азамат пен әлеуметтік топтарды біріктіру жолындағы мемлекеттік шешімдерді қабылдауда Ассамблеямен барынша шұғыл әрекет ете алатын болады. 

Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның өмір бойғы төрағасы статусына ие бола тұрып, бұл міндетті Қазақстанның қазіргі Президентіне сеніп тапсыруы үлкен сенімнің белгісі. Қазіргі қоғамға дәл осындай шешімдер ауадай қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы ассамблеясы төрағалығында сәттілік тілеймін!», - дейді Президент жанындағы ұлттық кеңестің мүшесі
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары