02.05.2021, 21:19

Найзағай ойнап, үсік жүреді

Фото: ашық дереккөз
Үшінші мамырда кей өңірде жел күшейіп, тұман түседі, ал бірқатар облыста найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанып отыр.

Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де антициклон ықпал ететіндіктен күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Тек еліміздің солтүстігі, солтүстік-батысы және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, ал солтүстікте тұман түседі, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал", - дейді синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысында жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерінде жел 23-28 м/с-ке дейін күшейеді, түнде кей жерде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. 

sputnik.kz