$ 495.2  522.34  4.94

Мәсімов шұғыл жиын өткізді

Бақылау және дабыл белгісін техникалық құралдармен нығайту бойынша шешімдер әзірленді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Білім беру жүйесі объектілерін бақылау мен дабыл белгісін техникалық құралдармен нығайту бойынша шешімдер әзірленді, деп жазады Sputnik.kz

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталықтың кезектен тыс отырысын өткізді.

"Іс-шара барысында Ресей Федерациясының Қазан қаласындағы №175 мектеп-гимназиясында жақында болған қайғылы оқиғаның мән-жайы қаралды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Отырыс барысында білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі және оқушылардың радикалдануына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Білім беру жүйесі объектілерін бақылау мен дабыл белгісін техникалық құралдармен нығайту бойынша шешімдер әзірленді.

Қазан мектебіндегі атыс: күдікті туралы тың дерек шықты

Жастар ортасында зорлық-зомбылық акцияларын насихаттау және оны дайындау белгілерін анықтау үшін әлеуметтік желілер мен Интернетті мониторингтеу тиімділігін арттыру жолдары айқындалды.

Балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ оларға уақтылы психологиялық көмек көрсету шаралары жетілдірілді.

Қазан мектебіндегі трагедия
11 мамырда таңертең Қазандағы №175 гимназияда 19 жасар Ильназ Галявиев оқ жаудырды. Мектепте 700 адам болған. Жеті бала мен екі мұғалім көз жұмды. Тағы 20 адам ауруханаға жатқызылды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары