$ 494.87  520.65  4.91

Ертең Кәрім Мәсімов отставкаға кетеді деп күтілуде

Ертең - 9 қыркүйек күні ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов отставкаға кетеді деп күтілуде. Бұл туралы "Новости-Казахстан" ақпараттық агенттігі өзінің биліктегі сенімді дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Үкіметтің отставкаға кетуі күтілуде", - дейді дереккөз агенттікке берген мәлімдемесінде. Айта кету керек, Кәрім Қажымқанұлы үкіметті екі рет басқарды. Алғаш рет 2007 жылы премьер болған ол араға үзіліс салып, 2014 жылы министрлер кабинетіне қайта келген болатын.

2012 - 2014 жылдар аралығында Мәсімов Қазақстан президенті әкімшілігін басқарды.

Агенттіктің хабарлауынша, 9 қыркүйек күні Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары